Түркияда қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем чемпионатында әскери қызметшілер үш медаль еншіледі, деп хабарлайды DKnews.kz.
Түркияның Бурса қаласында қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Астананың халықаралық әуежайында Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшілерін әріптестері, достары мен туыстары салтанатты түрде қарсы алды.
Қоян-қолтық ұрыстан өткен әлем біріншілігіне 32 елден 300-ден аса спортшы, оның ішінде Қарулы күштер Арнайы операциялар күштерінің (АОК) және Қазақстанның басқа да күш құрылымдарының әскери қызметшілері қатысты. Тартысты жекпе-жектің нәтижесінде қазақстандық әскери қызметшілер бір алтын, бір күміс және бір қола олжалады.
62 келіге дейінгі салмақта АОК-нің әскери қызметшісі (22750 әскери бөлімі) аға сержант Арнат Нәметов жеңіске жетіп, жоғары тұғырдан көрінді. АОК-нің әскери қызметшісі (74814 әскери бөлімі) сержант Аян Тұрсын 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс медаль иеленді. 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде АОК-нің әскери қызметшісі (20709 әскери бөлімі) майор Вадим Федосеев қола медаль алды.
Қарсыластардың жақсы дайындығын атап өтіп, алтын еншілеген Арнат Нәметов былай деді:
"Қазақстанның әлемдік аренада абыроймен өнер көрсеткеніне өте қуаныштымын және мақтанамын. Үздіксіз жаттығулар керемет нәтиже берді. Бізді қолдағандардың бәріне алғыс айтамын"
Жеңімпаздарды қарсы алған жанкүйерлер спортшыларға ұмытылмас эмоциялар үшін алғыстарын жаудырды. Одан өзге жекпе-жек шеберлеріне жеткен жетістіктерімен мақтанатындықтарын және Қазақстанның намысын қорғап жүргендері үшін ризамыз деп атап өтті.