Жаңартылған миграциялық квоталар: жаңа ережелер кімдерге қатысты болады

1397
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында 2025 жылы еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квота белгілеу туралы» Министр бұйрығына өзгерістер енгізуде. Құжат туралы ақпарат қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында жарияланды, передает DKnews.kz.

Аталған өзгерістер агроөнеркәсіп кешеніндегі жұмыс берушілердің өтініші бойынша әзірленіп отыр және жергілікті атқарушы органдар жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар негізінде шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаға қатысты болады – бұл квота республикадағы жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 0,25% көлемінде белгіленеді.

Сонымен қатар, Қазақстанға тартылатын шетелдік азаматтардың жалпы санын сақтау мақсатында жеке тұлғалар арқылы тартылатын еңбек мигранттарына арналған квота төмендетіліп, ол жұмыс күшінің жалпы санына шаққанда 2,95% деңгейінде айқындалады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -