Қазақстандық цирк артистері Жасмина Алшынбаева мен Авелина Гузей Ресейдің Саратов қаласында өткен XI Халықаралық цирк өнері фестивалі — «Цирк ханшайымы – 2025»-те ең жоғары марапат — Алтын тәжге ие болды, деп хабарлайды DKnews.kz.
2005 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан бұл айтулы фестиваль әлемнің түкпір-түкпірінен цирк өнерінің дамуына үлес қосқан әйел қауымының басын қосады. Биылғы байқауда Саратов мемлекеттік циркінің аренасында Мексика, АҚШ, Қытай, Қазақстан секілді 13 елден келген өнерпаздар өнер көрсетті.
Жасмина мен Авелина қоюшы-режиссер Зарина Тапалованың жетекшілігімен «сақинада жұптаса өнер көрсету» жанрында қойылған «Әуе сферасы» атты жаңа нөмірін ұсынды.
Бұл айтулы жеңіс Қазақстан цирк өнерінің әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлігі мен шығармашылық әлеуетіне айқын дәлел.