Қазақстандық бітімгерлер халықаралық үстел теннисі турнирінде жеңіске жетті

1672
Фотосурет: Gov

Ұлттық контингенттер арасында үстел теннисінен жарыс қазақстандық бітімгерлік ротасы орналасқан Голан биіктері ауданындағы Фауар базасында өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жарыс барысында Қазақстанның әскери қызметшілері майор Михаил Выдрин мен сержант Қуат Әшімханов түрлі елдердің мықты спортшыларына қарсы ойында жоғары техника мен үйлесімділік танытып, жұптық санатта бірінші орынды иеленді.

Біз осы турнирге барынша дайындалдық. Қарсыластарымыздың ойынын талдап, пысықтадық. Шешуші фактор біздің жауынгерлік жолдастарымыздың қолдауы болды Деп бөлісті жеңімпаздар

Қазақстандық бітімгерлік контингентінің командирі подполковник Жәнібек Нұрланов әскери қызметшілерді жеңісімен құттықтап, оларға зор денсаулық және одан әрі спорттық табыс тіледі.

Турнир бітімгерлік миссиясының құрамында әртүрлі елдердің әскери қызметшілері арасындағы достық пен өзара сыйластықты бейнелейтін маңызды оқиға болды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның дербес бітімгерлік контингенті 2024 жылдан бастап БҰҰ күштерінің бөлінуді бақылау жөніндегі миссиясына қатысады. Әскери қызметшілердің негізгі міндеті - қауіпсіздікті қамтамасыз ету, гуманитарлық жүктерді алып жүру, патрульдеу, сондай-ақ Израиль мен Сирия қарулы күштері арасындағы бөліну аймағында тұрақтылықты сақтау.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -