Ұландықтар Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты шеру өткізді

2871
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Астанада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай ҚР ІІМ Ұлттық ұланының Үлгілік-көрсетімді оркестрінің салтанатты шеруі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Іс-шара елорданың Сарыарқа ауданы әкімдігінің қолдауымен құқықтық тәртіп әскерлерінің бастамасымен ұйымдастырылды.

Бұл шеру еліміздің мемлекеттік рәміздері — Туға, Елтаңбаға және Әнұранға құрмет көрсетуді күшейтуге бағытталған мерекелік іс-шаралар легінде патриоттық екпінімен  ерекшеленді.

Ұлттық ұланның Үлгілік-көрсетімді оркестрі кәсіби шеберліктің жоғары деңгейі мен репертуарының сан алуандығын көрсетті. Әскери музыканттарды ыстық ықыласпен қарсы алған қала тұрғындары мен қонақтары эмоцияларын жасырмай, Есіл өзенінің жағасында таныс әуендерді бірге шырқады.

- Мемлекеттік рәміздер күні — әрқайсымызға патриотизмнің, еліміздің тарихы мен мәдениетін құрметтеудің маңыздылығын еске салады. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақты елжандылыққа тцрбиелейді, - дейді Ұлттық ұлан Әскери-оркестрлік орталығының бастығы Олжас Құдайқұлов.

Құрмет қарауыл ротасының әскери қызметшілері көк Туымызды мерекелік шерудің алдыңғы шебінде салтанатпен алып жүрді, ал ашық аспан астындағы сахнада ұландықтар музыканттардың орындауында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны шырқалды.

Самалды кештегі салтанатты шеру көрерменге ерекше әсер сыйлап, әр азаматқа ұлттық бірлік пен тәуелсіздігіміздің нышаны болған мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын жеткізді.

Айта кетейік, 4 маусым — Мемлекеттік рәміздер күніне орай, Ұлттық ұланның Үлгілік-көрсетімді оркестрі мен Ән-би ансамблі Астана жұртшылығына мерекелік концерт ұсынады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -