Президент Тоқаев мұсылмандардың қасиетті Құрбан айт мерекесімен қазақстандықтарды құттықтады

2497
Фотосурет: Ақорда

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев барша мұсылман жұрты үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен еліміздің азаматтарын құттықтап, бұл күндердің рухани маңыздылығын және қоғамдағы бірлікті нығайтудағы рөлін атап өтті.

«Барша мұсылман қауымы үшін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – жасампаздықты, ізгілікті және мейірімділікті дәріптейтін ерекше күн» Қасым-Жомарт Тоқаев

Президенттің айтуынша, осы берекелі күндері мұқтаж жандарға көмек көрсету — ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Құрбан айт – жанашырлыққа, бауырмалдыққа, бірлік пен өзара құрметке үндейтін мереке.

«Осындай мәңгілік құндылықтардың арқасында халқымыздың бірлігі беки түседі» Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Құрбан айттың келісім мен түсіністіктің, бейбітшіліктің символына айналғанын атап өтіп, еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін ұлттың ауызбіршілігі аса маңызды екенін айтты.

«Біз бірге әділетті, таза, қауіпсіз және қуатты Қазақстанды құрамыз» Қасым-Жомарт Тоқаев

Сөзінің соңында Қасым-Жомарт Тоқаев барша халыққа ізгі тілегін арнап, елімізге амандық, әр отбасыға береке-бірлік тіледі.

«Осы күндері айтылған барлық ақ тілектер қабыл болсын! Әр шаңыраққа амандық, ырыс-береке тілеймін. Құрбан айт мерекесі құтты болсын!» Қасым-Жомарт Тоқаев

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ТЕЛЕРАДИОКЕШЕНІ (@ptrk.kz)

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -