Наурызбай ауданына жұмыс сапары: басты назар — мерзім мен сапада, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды маңызды нысандардың құрылыс барысын тексерді:
Құрамыс шағынауданында 1500 орындық мектеп салынып жатыр. Ауданда әлі де 5 мың оқушыға орын жетіспейді.
320 орындық балабақшаның құрылысы 65% аяқталған. Дархан Сатыбалды құрылыс мерзімінің созылып кеткенін ескертіп, Құрылыс басқармасына бақылауды күшейтуді тапсырды.
«Міндеттемесіне салғырт қарайтын мердігерлермен келісімшартты бұзып, оларды жауапсыз компаниялар тізіміне енгізу керек», — деді қала басшысы.
Ауысымына 500 адам қабылдайтын емхана салынып жатыр. Бұл 30 мың тұрғынға алғашқы медициналық көмекті қолжетімді етпек.
Ақжар шағынауданында су құбыры және кәріз желілері тартылып жатыр. Бұл жұмыс жыл соңына дейін аяқталып, 33 мың тұрғынның су мәселесі шешіледі.
Абай даңғылын Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін ұзарту жұмыстары жүріп жатыр. Жаңа 600 метрлік жол ашылды. Жоба осы күзде аяқталады.
Соңғы 15 жылдан бері жөндеу көрмеген № 7 қалалық клиникалық аурухана жанындағы емхананың күрделі жөндеу жұмыстары да тексерілді.
Дархан Сатыбалды құрылысқа байланысты уақытша жабылған барлық жолды жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалпына келтіруді жүктеді.
Қала әкімі құрылыс мерзімі мен сапа стандарттарын қатаң сақтауды талап етті.