Георадарлар мен сонарлар: Қазақстанда су қоймалары қалай зерттелуде

1111
Фотосурет: Gov

«Қазсушардың» Ақмола облысындағы филиалы Краснобор және Есіл су қоймаларында, сондай-ақ Преображенск гидроторабында көпфакторлы тексеру жұмыстарын бастады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл жұмыстарға геологиялық, гидрологиялық және геодезиялық зерттеулер, су түбі мен жаға сызықтарын зерделеу, су ортасының жағдайын талдау сияқты кешенді шаралар кіреді. Тексеру кезінде заманауи және сапалы құрылғылар — георадарлар, сонарлар және басқа да жабдықтар қолданылып жатыр.

Биылдың соңына дейін Су ресурстары және ирригация министрлігі еліміз бойынша 134 гидротехникалық нысанды көпфакторлы тексеруден өткізуді жоспарлап отыр. Айта кетейік, былтыр Қазақстанның 14 облысында 84 нысан тексерілген еді. Бұл бастапқы жоспардан да көп болды.

«Ақмола филиалы бұл жұмыстарды биыл мамыр айында бастаған. Көпфакторлы тексеру — бұл гидротехникалық нысанның пайдаланылу барысында қандай күйде екенін анықтау үшін жүргізілетін толық әрі кешенді талдау», – деді «Қазсушар» РМК Ақмола филиалының директоры Ербол Әскербеков.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -