Қоян-қолтық ұрыстан әскер мықтылары анықталды

1078
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” ӨңҚ баспасөз қызметі

Атырау қаласындағы Тасқала спорт кешенінде ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының ұйымдастыруымен қоян-қолтық ұрыстан біріншілік өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Екі күнге созылған тартысты додаға Орал, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларындағы әскери бөлімдерден жиналған 50-ге жуық спортшы қатысты.

Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар өз шеберліктерін толық көрсете білді.

Жекпе-жектер кәсіби дайындық пен әскери рухтың жоғары екенін айғақтады. Алты команда арасынан озық шыққан жауынгерлер әр салмақ дәрежесі бойынша мықтыларды анықтап, жүлделі орындарды өзара бөлісті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған спортшылар енді ҚР Ұлттық ұлан әскері бойынша өтетін чемпионатына жолдама алып, “Батыс” өңірлік қолбасшылығының намысын қорғайтын болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -