Табыс уәде етіп, пәтерлерді тартып алған: қаржылық алаяқтықтың жаңа тәсілі

1298
Фотосурет: Gov

ҚМА Абай облысы бойынша департаменті «Rakhat0425» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ұйымдастырушылар азаматтардан қаражат тартып, мемлекеттік сатып алуға қатысы бар жалған инвестициялық жобаға 30% дивиденд уәде еткен.

🪙 Нәтижесінде 350 адамнан 790 миллион теңгеден астам қаражат жиналған.

Сонымен қатар, күдіктілер азаматтарды пәтерлерін төмен бағамен беруге көндіріп, кейін оларды үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. 

Бұл мүлік «инвестициялық жарна» ретінде бағаланған.

Қазіргі уақытта екі күдікті қамауға алынып, үшіншісіне үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -