Қарулы Күштердің жаңа басымдықтары: Жоғарғы Бас Қолбасшының шешімі

3465
Фотосурет: Ақорда

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Президенті – Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді.

Мемлекет басшысы Қарулы Күштер жоғары қолбасшылығының алдында тұрған басым міндеттерді атады.

Ведомство жетекшілігіне басқару және әскери органдар құрылымын жетілдіру, әскери қызмет институтының резервін қалыптастыру, Арнайы операциялар мен аумақтық қорғаныс күштерін дамыту шараларын жүзеге асыру жүктелді. Сондай-ақ Қарулы Күштерді цифрландыру және оның жұмысында жасанды интеллектіні пайдалану тапсырылды.

Жиын барысында әскери борышты өтеуге жайлы жағдай жасаумен қатар әскери қызметшілердің кәсіби құзіретін жетілдіруге, оларға қойылатын талаптарды арттыруға мән беру қажет екені айтылды.

Президент сарбаздың өмірі мен денсаулығын сақтауға барлық деңгейдегі қолбасшылықтың жауапты екенін айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -