Сот әділдігі: ұрланған қаражаттың 250 млн теңгесі мемлекетке қайтарылды

1639
Фотосурет: freepik.com

Мұнай-газ саласындағы миллиондаған қаржы жымқыру. Кінәлілер жазаланды.

Өткен жылы облыс прокуратурасымен мұнай-газ кәсіпорындарында тексерулер жүргізілді.

Тексеру нәтижелері бойынша «Oil Transport Corporation» ЖШС қызметінде жабдықты қабылдау кезінде бұзушылықтар анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды.

Тергеу аясында 3 адам ұсталды, оның ішінде кәсіпорын мен мердігер компания басшылары да бар.

Сот барлық тұлғаларды кінәлі деп танып, әртүрлі жаза түрлерін тағайындады.

Атап айтқанда, кәсіпорын бас директорының орынбасары лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланып, ауыр зардаптарға әкеп соққан әрекеті үшін сотталды. Сот оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады.

Мердігер компанияның екі өкілі әрқайсысына 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы қолданылды.

Соттың қылмыстық істі мәні бойынша қарауы барысында сотталғандар 250 млн теңге көлемінде шығынды өтеген.

Үкім заңды күшіне енді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -