Ұлттық ұланның әскери қызметшілері тікелей эфирде жарияланған Президент Жолдауын талқылады

1859
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында, сондай-ақ барлық өңірлік қолбасшылықтарда әскери қызметшілер Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды цифрлық трансформация арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын тікелей эфирде тыңдады, деп хабарлайды DKNews.kz.

Мемлекет басшысы ел дамуының негізгі басымдықтарын айқындап, заң мен тәртіп мемлекеттік құрылыстың берік іргетасы болып қалуы керектігін атап өтті. Президент өз сөзінде заңсыздық пен қатыгездіктің кез келген көрінісіне нөлдік төзімділік таныту, ұлттық бірлікті нығайту және жаһандық сын-қатер жағдайында патриотизмді арттырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

"Егер халқымыз бірлігін сақтап, ел ішіндегі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықтарды еңсеріп, кез келген сынақтан сүрінбей өтеміз. Сондықтан барша отандастарымды елдегі тыныштықты қадірлеп, оны қорғауға шақырамын" Президент Қасым-Жомарт Тоқаев

Тікелей көрсетілімнен кейін әскери қызметшілер Мемлекет басшысы айтқан бастамаларды талқылап, өз ойларымен бөлісті.

"Сіздер біздің мемлекетіміздің әскери-саяси өмірінде  нық бағыт ұстап, заманауи сын-қатерлерді түсініп, болып жатқан оқиғаларға дұрыс баға бере білуге тиіссіздер. Президент азаматтардың қауіпсіздігі, олардың құқықтары мен тыныштығы – мемлекеттік саясаттың басты басымдығы екенін ерекше атап өтті" Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов

Ұлттық ұлан Ардагерлер кеңесінің төрағасы генерал-майор Қалиақпар Тоқышевтың айтуынша, Жолдау ұландықтар үшін айқын бағдарға айналды.

"Жолдауда уақыт талабына сай даму бағыттары нақты белгіленген. Ұлттық ұланның жеке құрамы әрқашан мемлекет қауіпсіздігі мен қоғам тыныштығын қамтамасыз ету міндетін абыроймен орындайды. Біз, ардагерлер қауымы, жастарға патриоттық тәрбие беруді жалғастырып, елге адал қызмет ету рухын қалыптастыруға күш саламыз" Генерал-майор Қалиақпар Тоқышев

Президент Жолдауы құқықтық тәртіп әскери бөлімдерінің бүкіл жеке құрамын біріктіріп, олардың басты миссиясы – мемлекетке және халыққа қалтқысыз қызмет етудің айрықша маңызын тағы да айқындады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -