Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жылдық мөлшерлеменің шекті деңгейі төмендетілді

3828
Фотосурет: freepik.com

Ұлттық банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ипотекалық мөлшерлемелерді реттеуді күшейтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі-агенттік) «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 62 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2024 жылғы 19 тамыздағы № 45 бірлескен қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 13 және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2025 жылғы 22 мамырдағы № 27 бірлескен қаулысы (бұдан әрі - Бірлескен қаулы) қабылдады.

Бірлескен қаулымен ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшері 25%-дан 20%-ға дейін төмендетілді.

Қаулының толық мәтіні Агенттіктің ресми интернет-ресурсында қолжетімді.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тиісті тіркеу рәсімінен өткеннен кейін бірлескен қаулы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -