Қазақстан полициясы күніне орай Ұлттық ұлан әскери қызметшілері жалпы қалалық сенбілік өткізді

1375
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Қазақстан Республикасы Полициясы күні қарсаңында және «Таза Қазақстан»  республикалық акциясы аясында ҚР ІІМ Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің жеке құрамы жалпы сенбілік ұйымдастырып, бөлім аумағы мен оған іргелес жатқан аймақты абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Игі шара отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік рухында өтті. Таңертеңнен бастап әскери қызметшілер аумақты тазалап, бордюрлерді әктеп, ағаш отырғызып, гүлзарларды сәндеуге кірісті. Әсіресе бөлімнің саптық алаңы мен мемориалдық аймақтарына ерекше көңіл бөлінді.

Бөлім басшылығы мұндай сенбіліктердің тәрбиелік және азаматтық бағыттағы жұмыстың маңызды бөлігі екенін атап өтті. Ол жеке құрам арасында еңбекке, қоршаған ортаға және мемлекеттік қызметтің рәміздеріне деген құрметті қалыптастыруға ықпал етеді.

"Қазақстан полициясы күнін біз тек құқық қорғау қызметкерлерін марапаттау күні ретінде ғана емес, сонымен қатар тәртіп, тазалық және қоғам игілігі үшін қызмет ету сияқты ортақ құндылықтарды нығайтудың белгісі деп білеміз. Бүгінгі сенбілік – осы құндылықтарды қолдауға қосқан біздің үлесіміз" әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Омар Қуанышбаев

Мұндай бастамалар жыл сайын өткізілуде. Олар ұжымның ұйымшылдығын арттырып, бөлімде салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыруға септігін тигізеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -