Атырауда Ұлттық ұлан әскери техникаларын кешенді тексеруден өткізді

1056
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Атырау қаласында орналасқан ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5546 әскери бөлімінде жыл сайынғы дәстүрлі техникалық байқау өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шара аясында бөлімдегі барлық әскери техникалар мен жабдықтар жан-жақты тексеріліп, олардың техникалық жарамдылығы мен жауынгерлік қабілеті бағаланды.

Техникалық байқауға «Батыс» өңірлік қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары, полковник Виктор Мұхатаев жетекшілік етті.

"Техниканың сенімділігі – бұл тек жауынгерлік дайындық емес, сонымен қатар жеке құрам қауіпсіздігінің кепілі. Сондықтан әрбір техникалық бірліктің жай-күйіне ерекше мән берілуде" Полковник Мұхатаев

Тексеру барысында автобронетехника мен арнайы машиналардың техникалық жағдайы, сыртқы көрінісі және құжаттарының толықтығы тексерілді.

Сондай-ақ, әскери қызметшілердің жүргізуші куәліктері, әскери билеттері және техникалық төлқұжаттары да назардан тыс қалмады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -