Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ел аумағындағы барлық ақшалай есеп айырысулар мемлекеттік кірістер органдарына деректерді тіркеу және/немесе беру функциясымен жарақтандырылған бақылау-кассалық машиналарды (БКМ) пайдалана отырып, міндетті есепке алынуға жататынын хабарлайды. Бұл ретте қолданылатын БКМ моделі Мемлекеттік тізілімге енгізілуі тиіс, деп хабарлайды DKnews.kz.
Бақылау – касса машиналарын қолданудан кім босатылады?
- Кәсіпкер болып табылмайтын жеке тұлғалар жүзеге асыратын есеп айырысулар.
- Жеке сот орындаушылары, адвокаттар мен медиаторлардың қызметі.
- Белгіленген нысандағы билеттерді міндетті түрде бере отырып қоғамдық қалалық көлікте жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету.
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізетін операциялар.
- Жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялық желі жоқ елді мекендерде жүзеге асырылатын салық төлеушілердің қызметі.
- Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін есеп айырысулар.
- Діни бірлестіктер.
- Ұлттық пошта операторы-байланыс желісіне қол жеткізусіз орындарда есеп айырысуды жүзеге асырған жағдайда.
- Уәкілетті органдар мақұлдаған арнайы мобильді қосымша арқылы жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысулар.
Телекоммуникациясыз аумақтар үшін ерекше жағдайлар
Кәсіпкерлік қызмет телекоммуникациялық желі жоқ аймақта жүргізілетін жағдайларда, осы модель Мемлекеттік тізілімге енгізілген жағдайда, деректерді беру функциясынсыз бақылау-кассалық машиналарды пайдалануға жол беріледі.