Жаңаөзенде 200-ден астам сарбаз әскери қызметін аяқтап, үйлеріне оралды

1166
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

Жаңаөзен қаласындағы ҚР Ұлттық ұланының 5548 әскери бөлімінде 2024 жылғы 1-шақырылым сарбаздарын салтанатты түрде шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бір жылдық әскери борышын абыроймен атқарған 200-ден астам жауынгерге бөлім басшылығы алғыс айтып, тәртіп пен жауапкершілік танытқаны үшін марапаттар табыстады.

Іс-шара барысында көркемөнерпаздар патриоттық әндер мен қойылымдар ұсынып, сарбаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Бөлім командирі, подполковник Марат Нұрмұратов сарбаздарға болашақта азаматтық өмірде табыс тілеп, Ұлттық ұландағы қызметтің өмірлік сабақ болатынын атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -