Қызмет еттің — тегін оқы: білім сертификаттары табысталды

1386
Фотосурет: Gov

Жоғары оқу орындарында оқу үшін жауынгерлік даярлық үздіктеріне сертификаттар табысталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Қарулы күштер сапында белгіленген мерзімде қызмет еткен сарбаздарға білім беру сертификаттарын табыстаудың салтанатты рәсімі өтті.

Қорғаныс ведомствосы берген сертификаттар еліміздің жоғары оқу орындарында тегін оқу құқығын береді. Ата-аналары шараға қатысып, ұлдарының өміріндегі маңызды оқиғаның куәсі болды.

"Мен ұлымды әскери қызметке толқып әрі мақтанышпен шығарып салғаным есімде. Ал балам, бүгін сертификат алып, грантпен жоғары білім алатынына қуанып тұрмын. Осындай мүмкіндік үшін алғысымды білдіремін" Данияр Молдахановтың анасы Еркеш Нұрпейісова

Әскери қызметшілерді қолдау бағдарламасы жастарды қызметтен кейін әлеуметтік бейімдеуге бағытталған және оларға білім алып, кәсіби дамуға нақты мүмкіндіктер береді.

Салтанатты шара соңы мерекелік концертпен және ұжымдық суретке түсумен аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -