Ақмола облысында пайдаланылмай жатқан жерлер мемлекет меншігіне қайтарылуда

2310
Фотосурет: freepik.com

Ақмола облысы прокуратурасының шараларымен мемлекетке пайдаланылмайтын жер учаскелерi қайтарылды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Ерейментау ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізілуде.

Ағымдағы жылы қадағалау актілерінің негізінде 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған жалпы кадастрлық құны 225 млн теңгені құрайтын, ауданы 22 мың гектардан астам 12 жер телімі қайтарылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -