Агротуризм – өңірлерді дамытудың тиімді жолы

1276
Фотосурет: freepik.com

Туристердің экологиялық және аутентикалық демалысқа қызығушылығы артып келеді.

2020 жылдан бері Kazakh Tourism агротуризмді дамытуға әлеуеті бар елді мекендерді анықтап, бұл ауылдардың тұрғындарына курстар ұйымдастыруда, деп хабарлайды DKnews.kz.

Олар қажетті білім алып, туризм саласындағы жолын бастай алады.

Kazakh Tourism мен Қазақстанның агро- және ауылдық туризм қауымдастығының сарапшылары елді мекендердің табиғи ландшафттан бастап мәдени дәстүрлерге дейінгі әлеуетін кешенді түрде бағалайды. Екі жыл ішінде 385 перспективті агротуризм нысаны анықталды. Қазақстандағы 50-ден астам елді мекенінде 450 астам ауыл тұрғыны үшін арнайы оқудан ұйымдастырылды. Биыл Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысында экспедициялық сапарлар мен оқыту іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр.

«Агротуризм – бұл тек тренд емес, өңірлерді дамытудың тұрақты тетігі. Біз тек әлеуеті бар нүктелерді анықтап қана қоймай, тұрғындарға өз ауылдарында оқу курстарын өткіземіз. Олар туризм саласында қалай табыс табуға болатынын, қонақтарды қалай қарсы алу керектігін, қандай қызмет түрлері сұранысқа ие екенін меңгереді. Біздің мақсатымыз – жергілікті ресурстарды тұрақты табыс көзіне айналдыруға және ауылдық аумақтардың дамуына көмектесу» Kazakh Tourism басшысы Қайрат Сәдуақасов

Сондай-ақ еліміздің 10 өңірінде туристерге арналған орналастыру орнын ашу және олардың жұмысын үйлестіру бойынша екі күндік тренингтер өткізілді. Оған 24 елді мекеннен 500 жуық тұрғын өтті. Қатысушылар тіркеуден бастап үйді жабдықтауға, қызмет көрсету стандарттары мен мемлекеттік қолдау шараларына дейінгі қадамдық нұсқаулықпен танысты.

Өткен жылы Ақмола облысының Зеленый бор ауылында Қазақстанның әр өңірінен келген 20-дан астам бастамашыл топ жетекшілеріне агротуризм бойынша тәжірибе алмасу мен практикалық дағдыларды арттыруға арналған дәрістер өткізілді. Оларды қазақстандық және шетелдік жетекші сарапшылар жүргізді.

Оқыту тек офлайн форматта ғана емес, онлайн режимде де қолжетімді. «Kazakh Tourism» компаниясының Ішкі туризм онлайн академиясы платформасында агро-, ауылдық және экотуризм бағыттары бойынша 5 онлайн-курс бар. Олар аймаққа және  дайындық деңгейіне қарамастан, барлық тұрғындарға қолжетімді.

Сонымен қатар Kazakh Tourism 2025 жылы еліміздің ең үздік туристік ауылдарының ұлттық байқауын өткізді. Жеңімпаздар Қазақстанды UNWTO ұйымдастыратын Best Tourism Villages халықаралық байқауында таныстырады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -