Атырауда Ұлттық ұланның алты сарбазы тегін білім грантына ие болды

1397
Фотосурет: Ұлттық ұлан

Атырау қаласындағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінде қызмет атқарған алты сарбаз еліміздің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алуға мүмкіндік беретін арнайы грант иегерлері атанды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Әскери бөлім басшылығының мәліметінше, білім гранттары жауынгерлік әзірлік, тәртіп және оқу дайындығы бойынша үздік нәтиже көрсеткен сарбаздарға беріліп отыр. Әрбір сарбаздың жетістігі күнделікті бақылауға алынып, арнайы журналдарға тіркеледі. Жүйелі түрде жүргізілетін рейтинг нәтижесі электронды форматта сарапталып, шешім әділ түрде қабылданады.

"Грант иегерлері — азаматтық борышын абыроймен өтеп, әскери дайындықта жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген жастар. Биыл осындай мүмкіндікке алты сарбаз ие болды. Олар Ұлттық бірыңғай тестілеуден өтпестен-ақ еліміздің беделді университеттерінде білім ала алады"  әскери бөлім командирінің орынбасары майор Әділ Құнанбаев

Грант иегерлерінің бірі — қатардағы жауынгер Болат Кенесов. Ол “Срочник.02” бағдарламасы арқылы армандаған оқу орнына түсу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

"Ұлттық ұланда қызмет ете жүріп, өз болашағыма нақты қадам жасадым. Бұл мүмкіндік үшін командирлеріме зор алғыс білдіремін. Мен енді “Astana IT University” университетінің студенті болуды мақсат етіп отырмын" Болат Кенесов

Аталған бастама жастардың әскери қызметке қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білімге деген ұмтылысын қолдап, болашаққа деген сенімін нығайтуға бағытталған.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -