Франция қазақстандық АЭС жобасына мүдделі

1551
Фотосурет: Gov

Астанада Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары Әсет Махамбетов пен Василий Лавренов француздың мемлекеттік энергетикалық компаниясы — Électricité de France (EDF) аға вице-президенті Вакис Раманимен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кездесуге сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері қатысты.

Тараптар EDF компаниясының Қазақстанда атом электр станциясын салу жобасына халықаралық консорциум құрамында қатысу мүмкіндігін талқылады. Ғылыми-техникалық ынтымақтастық мәселелері мен шағын және орта қуатты реакторлар саласындағы өзара іс-қимыл перспективаларына ерекше назар аударылды.

 Кездесу қорытындысында тараптар ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -