Тоқаев Люксембургтің Ұлы Герцогын Ұлттық мерекемен құттықтады

1408
Фотосурет: Аkorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Люксембургтің Ұлттық күніне орай Ұлы Герцог Анриге құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Мемлекет басшысы құттықтауында Люксембург халқының бірлігі мен ортақ мұратын, сондай-ақ елдің қаржы, цифрлық инновация мен жасыл технологиялар салаларындағы елеулі табысын паш ететін аталған мейрамның символдық мәніне назар аударды.

Қазақстан Президенті Ұлы Герцог Анридің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Люксембург халқына бақ-береке тіледі.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -