Жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы қалай іске асырылады

3146
Фотосурет: t.me/KZgovernment

 Үкімет отырысында ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек жоғары білім беру жүйесінде «Таза Қазақстан» тұжырымдамасының іске асырылуы туралы айтты. Оның айтуынша, 2024 жылдан бастап «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде жоғары білім беру саласы бойынша 1 индикатор және 11 іс-шараны іске асыру жоспарланған, деп хабарлайды DKnews.kz.

 

«Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясын жариялағаннан бері жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларының қатысуымен 1500-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өткізілді. Бұл шараларға жоғары оқу орындарынан 240 мыңнан аса адам қатысты. Барлық жоғары оқу орындары студенттері арасында «Taza Like» іс-шарасы шеңберінде экосағаттар өткізілді» Саясат Нұрбек

2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы шеңберінде велосипед күні, жасыл энергетика жүйесін құру, қоқыссыз кампус, саябақтар құру т.б. сияқты бірнеше тармақ іске асырылуда. Осылайша, «Экологиялық білім беру» бағыты аясында халықтың экологиялық білімі мен мәдениетін арттыру жұмыстары жүргізілуде.  

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -