Мария Мудряк Қытайда графиня Альмавива рөлінде алғаш рет өнер көрсетеді

1287
Фотосурет: Gov

Қазақстандық опера әншісі Мария Мудряк Қытайда В. Моцарттың «Фигароның үйленуі» операсындағы графиня Альмавива партиясын алғаш рет орындайды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Қойылымдар 15, 17 және 19 шілде күндері Бейжіңдегі Ұлттық орындаушылық өнер орталығында өтеді.

Ал 8–10 тамыз аралығында әнші Сиань қаласындағы Grand Opera House сахнасында өнер көрсетеді.

Бұл – Мария Мудряктың Қытайға бесінші гастрольдік сапары. Бұған дейін осы операда Сюзаннаның партиясын орындаған әнші биыл алғаш рет графиня Альмавиваның рөлін сомдайды. Бұл кейіпкердің терең әрі қарама-қайшы сезімдері туындыға ерекше драмалық әсер мен эмоциялық тереңдік береді.

Айта кетейік, Мария Мудряк Қазақстанда дүниеге келген. Ол бала кезінен-ақ ән айтуға қызығып, 10 жасынан бастап Италияда вокалдан дәріс алған. Сол жерде Ла Скала театрының балалар хорында шығармашылық жолын бастап, кейін Миландағы Дж. Верди атындағы консерваторияны тәмамдады. Қазір ол әлемнің жетекші опера сахналарында өнер көрсетіп жүр және әлемдегі ең үздік он сопраноның бірі саналады.

Әншінің Қытайға сапары — оның халықаралық мансабындағы тағы бір маңызды қадам. Бұл гатрольдік сапарда қытайлық көрермен өнерпаздың қайталанбас зор дауысы мен актерлік шеберлігін тамашалай алады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -