Қазақстанда ауылдар мен шағын қалалардағы 1000 мектепті жаңғырту жұмыстары жалғасуда

1309
Фотосурет: Gov

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шағын қалаларда, аудан орталықтарында және ауылдарда мектептерді жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Жыл сайын кемінде 1000 мектеп жеті бағыт бойынша жаңғыртудан өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жаңғыртудың мақсаты – балалардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін қолайлы жағдай жасау, материалдық-техникалық базаны нығайту арқылы қалалық және ауылдық мектептер арасындағы білім сапасындағы алшақтықты азайту.

Жаңғырту аясында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханалар мен асханаларды, қауіпсіздік жағдайларын жақсарту қарастырылған.

Осылайша, 2025–2026 оқу жылында робототехника, химия, биология, физика және STEM бағыттары бойынша 1000-ға жуық заманауи пәндік кабинет сатып алу жоспарлануда. 509 мектептің кітапханасын, 375 мектептің асханасын жаңғырту, 598 мектепке күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізу, 409 мектептің жиһаздарын жаңарту жоспарланған. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 369 мың оқушының оқу жағдайын жақсарту көзделуде.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -