Қазақстанда босқындардың әлеуметтік қорғау шараларына қолжетімділігі жақсартылуда

1331
Фотосурет: Gov

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының (бұдан әрі – БҰҰ БЖКБ) өкілі міндетін атқарушы Думитру Липканумен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Асқарбек Ертаев Қазақстанда босқындарға қатысты заңнамалық нормаларды, оның ішінде тиісті мәртебені алу және қайта қарау тәртібін, оларға қолжетімді әлеуметтік қорғау шараларын және т.б. жетілдіру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды.

Өз кезегінде Думитру Липкану БҰҰ БЖКБ жүргізген қайта құрылымдау туралы хабардар етті, бұл ұйымның бүкіл әлем бойынша, оның ішінде Астана қаласындағы 18 кеңсесінің жабылуына алып келді.

Бірінші вице-министр астаналық кеңсенің сарапшыларына департаментпен бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты, сондай-ақ Алматыдағы кеңсе арқылы БҰҰ БЖКБ-мен одан әрі ынтымақтастық шарттарын талқылады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -