Қызылордадағы мәдени нысандар ҚР Мәдениет министрлігінің жоғары бағасына ие болды

1595
Фотосурет: Gov

2025 жылдың 27 маусымында ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Сапар аясында тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында өзекті мәселелер көтеріліп, шешу жолдары да талқыланды. Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдау ұйымдастырылып, кез келген тұрғын өз сауалын тікелей қою мүмкіндігіне ие болды.

Вице-министр аймақтағы мәдениет саласын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударды. Осы мақсатта бірқатар мәдени нысандарға, соның ішінде «Анаға тағзым» мемориалдық кешеніне, облыстық өлкетану музейіне, сондай-ақ аудандық деңгейдегі «Руханият орталығы» секілді мәдени мекемелеріне барды.

Мәдениет нысандарын аралау барысында өңірде инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейі жоғары екені атап өтілді. Вице-министр мәдени мұраны сақтау мен дәріптеу бағытында жасалған жағдайларға оң баға беріп, сала қызметкерлеріне атқарған жұмыстары үшін алғыс айтты.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -