Қашаған газы — ел игілігіне

1760
Фотосурет: Gov

Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын фракциялау зауытының құрылысы басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Атырау облысында Қашаған кен орнынан сұйытылған мұнай газын (СМГ) жинау, тасымалдау және фракциялау зауытының құрылысы басталды. Жоба ішкі нарықты СМГ-мен тұрақты қамтамасыз етуге және газ-мотор отыны тапшылығын азайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов жұмыс сапары аясында құрылыс алаңына барып, жобаның іске асу барысымен танысты. Сапар барысында атқарылып жатқан жұмыстардың қазіргі жағдайы және нысанды іске қосу бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.

Құрылыс Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялар арасында өнім бөлісу туралы келісім шеңберінде жасалған уағдаластықтарға сәйкес жүзеге асырылуда. 2024 жылы «QazaqGaz» АҚ мен «НортКаспиан Оперейтинг Компани» ЖШС арасында СМГ сату-сатып алу шартына қол қойылып, жобаны іске асырудың Жол картасы бекітілді. Құрылыс Build-Own-Operate (салу – иелік ету – пайдалану) үлгісі бойынша «QazaqGaz» АҚ мен «Ескене LPG» ЖШС арасындағы келісім аясында жүргізілуде.

Қазіргі таңда нөлдік цикл жұмыстары жүріп жатыр: алаңды жоспарлау, жабдықтардың іргетасын дайындауға арналған топырақ жұмыстары, сондай-ақ СМГ құбырына дәнекерлеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанға сұйытылған газды сақтауға арналған алғашқы резервуарлар жеткізілді.

Ішкі нарыққа арналған алғашқы газ партиясын қабылдау 2025 жылғы желтоқсанға жоспарланған.

Аталған жоба еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде стратегиялық маңызға ие және Қазақстанның газ өңдеу өнеркәсібін дамытудың маңызды элементі болмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -