FlyArystan әуекомпаниясы 2025 жылдың шілде айында Қазақстан қалалары мен Кутаиси арасындағы әуе қатынасын кеңейтуде. Қосымша рейстерге және қалаларға сәйкес ұшу жиілігінің 20-дан 60%-ға дейін ұлғаюы жолаушыларға жазғы сапарларын одан да қолжетімді әрі ыңғайлырақ жоспарлауға мүмкіндік ашады, деп хабарлайды DKnews.kz.
1-31 шілде аралығында Грузияның ірі қалаларының біріне рейстер Қазақстанның бес қаласынан жаңартылған кесте бойынша орындалады.
Кутаисиге ұшу кестесі:
- Атыраудан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;
- Ақтаудан – дүйсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма және сенбі күндері;
- Шымкенттен – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
- Астанадан – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі күндері.
Кутаисиден ұшу кестесі:
- Атырауға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, жексенбі күндері;
- Ақтауға – сейсенбі, сәрсенбі, жұмы, сенбі және жексенбі күндері;
- Шымкентке – дүйсенбі, бейсенбі және сенбі күндері;
- Астанаға – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі және жексенбі күндері.
Алматыдан Кутаисиге ұшатын рейстер өзгеріссіз қалады: шілде айында аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және сенбі күндері орындалады.
Әуебилеттері FlyArystan мобильді қосымшасында, ресми сайты және басқа да қолайлы сату арналары арқылы рәсімдеуге қолжетімді. Стандартты тариф құнына салмағы 5 кг-ға дейінгі, өлшемдері 56 x 23 x 36 см-ден аспайтын бір дана қолжүгі және ұшақтағы кездейсоқ орын кіреді. Әуекомпания қосымша қызметтерді алдын ала онлайн рәсімдеуді ұсынады, бұл жолаушыларға шығынды 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.