Polpharma Santo: Еуропалық сапаға негізделген жаңа бренд Шымкентте

1386
Фотосурет: santo.kz

Шымкенттегі өндіріс алаңында компанияның жаңа бренді Polpharma Santo-ның салтанатты тұсаукесері, сондай-ақ өндіріс процестерінің халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігін растайтын Еуропалық Одақтың GMP сертификатының көрсетілімі өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шараға Polpharma Group бақылау кеңесінің төрағасы Ежи Старак мырза, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов қатысты.

Сондай-ақ, Старак мырза Астанада Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлық отырысына қатысып, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровамен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен және Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен кездесулер өткізді. Талқылау барысында Қазақстан мен Polpharma Group арасындағы стратегиялық серіктестіктің негізгі бағыттары атап өтілді, оның ішінде:

  • Қатерлі ісік, қант диабеті және жүрек-қан тамырлары ауруларына қарсы препараттар өндірісін локализациялау үшін құны 60 миллион еуродан асатын инвестициялық келісімге қол қою жоспары;
  • Жаһандық сын-қатерлер мен жеткізу тізбегіндегі үзілістер жағдайында өмірлік маңызды дәрілік заттардың импортына тәуелділікті азайту және денсаулық сақтау жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету шаралары;
  • Қазақстанды аймақтық фармацевтикалық хаб ретінде орналастыру және ЕО, ЕАЭО, Таяу Шығыс және басқа аймақтарға экспортты кеңейту,
  • Polpharma Santo инновациялық және сапа орталығы негізінде ғылыми және инновациялық әлеуетті дамыту (инвестициялық құны: 20 миллион евро) және медициналық университеттермен және клиникалармен ынтымақтастық.

Сонымен қатар, шара барысында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының төрт студентіне білім гранттары табыс етілді. Бұл жас мамандарды қолдауға және фармацевтика саласының кадрлық әлеуетін дамытуға бағытталған Polpharma Santo әлеуметтік бастамаларының бір бөлігі. Компания болашақ мамандарды даярлауды тұрақты дамудың құрамдас бөлігі ретінде қарастыра отырып, тек технологиялар мен инфрақұрылымға ғана емес, адами капиталға да тұрақты түрде инвестиция салады.

"ЕО GMP сертификатын алу және Polpharma Santo брендін іске қосу компанияның ғана емес, сонымен қатар Орталық Азиядағы бүкіл фармацевтикалық индустрияның дамуының маңызды кезеңі болып табылады. Жаңа бренд біз ұстанатын ең жоғары сапа стандарттарының көрінісі болып табылады. Бүгінгі таңда Қазақстанда шығарылатын дәрі-дәрмектер Еуропалық Одақ елдеріндегі өнімдер сияқты талаптарға сай келеді" Polpharma Santo компаниясының басқарма төрағасы Ежи Старак

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -