Ұлттық ұланда жаңа оқу кезеңі басталды

1870
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Орал қаласындағы Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5517 әскери бөлімінде жазғы оқу кезеңі бастау алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бұл — жауынгерлік дайындықтың жаңа белесі ғана емес, жеке құрам үшін кәсіби шеберлікті шыңдауға бағытталған маңызды кезеңнің бірі.

Жаңа оқу маусымының алғашқы сабағын өңірлік қолбасшылықтың тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник Бақыт Мағауұлы өткізді. Ол өз сөзінде мемлекеттік-құқықтық дайындықтың әскери тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастырудағы рөлін ерекше атап өтті.

Жазғы оқу кезеңі – әрбір әскери қызметші үшін білімін жетілдіріп, тәжірибесін толықтыратын маңызды уақыт. Бұл кезеңде теория мен тәжірибеге жаңа әдістемелік талаптар қойылады. Жеке құраммен жауынгерлік, кәсіби-лауазымдық және мемлекеттік-құқықтық сабақтар жоспарға сай өткізіледі. Сонымен қатар, әскери қызмет барысында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау бойынша арнайы нұсқаулықтар беріледі Полковник Бақыт Мағауұлы

Айта кетейік, жаңа оқу кезеңі аясында жеке құраммен сабақтар тек казармалық жағдайда ғана емес, далалық жаттығу орталықтарында да ұйымдастырылады. Мұндай тәсілдер әскери қызметшілердің кәсіби дайындық деңгейін арттырып, жауынгерлік рухын нығайтуға сеп болады.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -