Ұлттық ұланда жазғы оқу кезеңі басталды

1474
Фотосурет: «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде  2025 жылдың  жазғы оқу кезеңі  басталды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Оқу кезеңі  басталу сәтінде әскери оркестрдің орындауында әнұран шырқалып, жауынгерлік ту жоғары көтерілді. Жаңа маусымға аяқ баспас бұрын   ұландықтар өткен жылға қысқаша шолу жасап, сондай-ақ биылғы жылға арналған жүйелі жоспарларын ортаға салды.

Шара барысында  қолбасшылық басқармасының офицерлерімен мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтары өтті. Әскери қызметшілер  алғашқы сабақты «Шығыс»  өңірлік  қолбасшылығы  қолбасшысының  техника  және қару-жарақ жөніндегі орынбасары полковник Виктор Мухатаев жүргізді.

Саптық алаңда сап түзеген ұландықтар қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ әскери мүліктерді дұрыс қолдану, кез келген міндеттерді атқару кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау бойынша тәжірибелік сабақтарға тарасты. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында атқарылар бірқатар жауапты міндеттер тұр. Шара барысында әскери қызметшілерге қару-жарақты дұрыс қолдануға арналған бейнероликтер көрсетілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -