Жасөспірім тәулікті Алматы тауларында өткізді

2739
Фотосурет: DKnews

Алматының тауларында шыңнан түсе алмай адасқан жасөспірімге құтқарушылар көмекке келді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Кеше кешке құтқарушыларға 2006 жылы туған жасөспірімнің Букреев шыңынан (биіктігі 3010 м) түсіп келе жатып жолдан адасып, өздігінен түсе алмай қалғаны туралы хабарлама түсті.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы дереу Медеу постынан көмекке шықты.

Құтқарушылар Бутаков шатқалына жеткен соң, жаяу жүріп іздеуді жалғастырды. Таулы рельеф, тік беткейлер мен тас шөгінділері қозғалысты едәуір қиындатты.

Іздеу барысында жасөспіріммен көзбен байланыс орнатылып, ол қанағаттанарлық жағдайда болған, медициналық көмек қажет етпеген.

Құтқарушылар оны «Пионер» тау шаңғы базасына дейін түсіріп, жол бойында толық қауіпсіздікті қамтамасыз етті.

Құтқару операциясы сәтті аяқталды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -