Қазақстан мен Қытай «жасыл» энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуде

1298
Фотосурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қытайлық «Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» компаниясының директорлар кеңесінің төрағасы Дай Даогомен кездесу өткізді.  Онда «жасыл» энергетика және қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Хунань Цзюньсинь Хуаньбао» – Қытайдың жасыл технологиялар саласындағы көшбасшыларының бірі. Кездесу барысында қалдықтарды қайта өңдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру перспективалары қаралды.

Премьер-министр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экологиялық жаңғырту мен орнықты дамудың маңыздылығына баса назар аударып отырғанын атап өтті. Қазақстан «жасыл» трансформацияны мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде қарастырады. Бүгінгі таңда елімізде Waste to Energy тетігі бойынша жобаларды жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық база бар. Үкімет осы саладағы халықаралық технологиялық компаниялармен ынтымақтастыққа ашық.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан әрі өзара іс-қимылға мүдделілігін жеткізді және серіктестік қатынастарды кеңейту әлеуетін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -