Алматыда Тұңғыш Президент саябағын дамыту жоспары әзірленіп жатыр, деп хабарлайды DKnews.kz.
Алматыда әкім Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен кеңесте Тұңғыш Президент саябағын кешенді жаңғырту жоспары талқыланды. Жиынға сәулетшілер, ландшафт дизайнерлері мен қала басқармалардың өкілдері қатысты.
2010 жылы ашылған саябақта 15 мыңнан астам ағаш бар. Қазіргі уақытта автоматты суару жүйесін жаңарту қажет. Инфрақұрылымды толық жаңартып, заманауи технология енгізілмек.
Жоба аясында жасыл желекті көбейту, жаңа экожүйелер құру және 5,5 мыңнан астам гүлдейтін ағаш егу, сондай-ақ 4 гектар аумақта қарағай мен қайың тоғайын отырғызу жоспарланып отыр.
Әкім жобалық шешімдерді нақтылап, көгалдандыру жүйесінің орнықтылығын қамтамасыз етуді және саябақтың табиғи құндылығын сақтап, оны заманауи әрі экологиялық үйлесімді кеңістікке айналдыруды тапсырды.