Ерлан Қарин қоғамдық‑саяси тұрақтылықты нығайту жөніндегі міндеттерді айқындады

1650
Фотосурет: Akorda

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин этносаралық келісімді нығайту мәселелеріне арналған республикалық жиын өткізді. Басқосуға Президент Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарының әкімдері қатысты, деп хабарлайды DKnews.kz.

Жиында этносаралық қатынас саласындағы өзекті мәселелер және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жетілдіру шаралары қарастырылды.

Ерлан Қарин «Заң және Тәртіп» қағидатының іс жүзінде орындалуына, сонымен қатар аймақтардағы қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілін әзірлеу мәселесіне айрықша назар аударды.

Мемлекеттік кеңесші ішкі саясаттағы негізгі мәселелерге қатысты құзырлы органдардың жұмысын үнемі проактивті режимде үйлестіріп отыру қажеттігін айрықша атап өтті.

Жиын соңында мемлекеттік органдар мен аймақ әкімдеріне қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайтуға қатысты нақты тапсырмалар берілді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -