Талдықорғандық жас географ Еуропалық олимпиадада жеңімпаз атанды

1672
Фотосурет: @oqu_agartu

Литвада өткен География пәні бойынша Еуропа олимпиадасында (EGeo) Қазақстан құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, жеті медаль жеңіп алды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Алтын медальді еліміздің қоржынына Талдықорған қаласындағы №24 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы — Дарын Бекбол иеленді.

Ол кіші (жасөспірімдер) санатында (12-15 жас) ең үздік атанды.

Қола жүлдені Шымкент қаласындағы НЗМ-нің 9-сынып оқушысы — Микаэль Почукаев жеңіп алды.

Негізгі (үлкен) жас санатында (16–19 жас) Қазақстан құрамасының қоржынына медаль салғандар:

  • Қостанай қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Андрей Енбахтов;
  • Талдықорған қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Ақжол Болат;
  • Ақтөбе қаласындағы НЗМ 12-сынып оқушысы Алихан Калмагамбетов;
  • Павлодар қаласындағы НЗМ 11-сынып оқушысы Мансур Тұрсынғалиев;
  • Талдықорған қаласындағы НЗМ 10-сынып оқушысы Рамиль Имашев.

Команданың жетекшілері мен жаттықтырушылары — республикалық және халықаралық олимпиадалардың бірнеше дүркін жүлдегерлері Абай Дүйсен мен Ақберен Айжарық. Біз жастарымызбен мақтанамыз!

EGeo олимпиадасы 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Басты мақсат — география және экология саласына қызығушылықты арттыру. Байқау үш кезеңнен тұрады: жазбаша тест, мультимедиялық тапсырма және дала туры. Барлық тапсырмалар ағылшын тілінде орындалады. 2024 жылы Қазақстан құрамасы алты медаль еншілеген болатын.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -