Орал қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде өрт шықты

1529
Фотосурет: Gov

ТЖМ қызметкерлері 23 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды DKnews.kz.

Бүгін Орал қ. Құрманғазы көшесінде 9 қабатты тұрғын үйде, 3 және 9-қабат аралығында электр қалқанында электр сымдарының жануы орын алды.

ТЖМ күштері автосатымен және баспалдақ маршымен 5 адамды, оның ішінде 2 баланы құтқарып, 15 адам, оның ішінде 5 бала эвакуациялады. Өрт жедел түрде сөндірілді. 

Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалыңыз.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -