Астанадағы отшашу мен шоуды 100 000‑нан астам адам тамашалады

1793
Фотосурет: Gov

Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Шара демеушілердің қолдауымен өтті, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Отшашу 23:00 шамасында Ботаникалық бақ аумағынан атылды. Мерекелік Open Air мен отшашуды тамашалауға 100 мыңнан астам адам жиналды. Отшашудың жалпы ұзақтығы – 5 минут, ал атылған фейерверк саны – 1 700-ден асты.

«Астана Арена» стадионы маңындағы үлкен концертте қазақстандық эстрада жұлдыздары мен шығармашылық ұжымдар өнер көрсетті. Олардың қатарында Қазыбек Құрайыш, аты аңызға айналған «Дос-Мұқасан» тобы, жастардың сүйікті тобы 6elucci, Жанар Дұғалова, Әли Оқапов, Лимба, Атилла, Аро, Жұбаныш Жексен, Назима, Ильхан және Тұрар бар.

Айта кетейік, Астана күніне орай елордада 100-ден астам әртүрлі бағыттағы іс-шара өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін концерттер, шоу, театрландырылған қойылымдар, көрмелер, спорттық жарыстар және басқа да ерекше іс-шаралар ұйымдастырылды.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -