Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі мен «АстраЗенека» халықаралық биофармацевтикалық компаниясы дәрілік заттарға баға белгілеу саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім аясында «АстраЗенека» бөлшек және көтерме саудаға арналған өмірлік маңызы бар дәрілердің құнын төмендетуді жоспарлап отыр, бұл азаматтарды маңызды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді арттырады және инновациялық терапияға қолжетімділікті арттырады, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Жетекші отандық және шетелдік фармацевтикалық компаниялармен меморандумдар жасасу сындарлы ынтымақтастық пен әлеуметтік жауапкершілікке ортақ дайын екенімізді көрсетеді. Біз мұндай бастамалар фармацевтикалық нарықтағы тұрақтылықты нығайтып, пациенттердің заманауи дәрі-дәрмектерге қолжетімділігін кеңейтіп, жергілікті өндіріс пен инвестициялық ахуалды дамытуға ықпал ететініне сенімдіміз» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова
«Біз инновациялық терапияны қажет ететін адамдардың қазіргі экономикалық жағдайда қажетті дәрі-дәрмектерге қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін Денсаулық сақтау министрлігімен тығыз жұмыс істеуге ниеттіміз. Меморандум ережелері біздің компанияның Қазақстанда өндірілетін дәрілеріне де қатысты. Біздің есептеуімізше, бағаның төмендеуі бірнеше миллион пациентке қолдау көрсетеді» Қазақстандағы «АстаЗенека» Өкіметпен байланыс және сыртқы байланыстар жөніндегі директоры Арсен Насырханов
Арсен Насырхановтың айтуынша, отандық өндiрiстiк дәрi-дәрмек бағасын төмендету бастамасы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарына – халықты емдеудiң инновациялық әдiстерiнiң қолжетімділігін арттыруға толық сәйкес келеді. Сонымен қатар, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың отандық дәрі-дәрмектің нарықтағы үлесін 50 пайызға дейін арттыру қажеттігі туралы жолдауымен үндес.
Тараптар сондай-ақ келіссөздер жүргізу, кездесулерге қатысу, өндірісті локализациялау мәселелерін талқылау, елдің денсаулық сақтау жүйесін дамыту үшін маңызды тақырыптар бойынша талдамалық және басқа да шолулар дайындауды қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастық жоспарларын келісті.