Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қызмет орнынан анықтаманы енді онлайн алады

1320
Фотосурет: ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі және egov.kz

ҚР ІІМ Ұлттық ұланының әскери қызметшілері мен қызметшілеріне қызмет орнынан анықтама ресімдеу жеңілдеді, деп хабарлайды DKnews.kz.

Енді оны электрондық форматта жасауға болады. Жаңа қызмет eGov.kz электрондық үкімет порталында қолжетімді және ресми құжатты бірнеше минут ішінде алуға мүмкіндік береді.

Бұрын мұндай анықтаманы алу процесі бірнеше күнге созылып, жеке жүгінуді және қағаз жүзінде ресімдеуді талап еткен. Енді барлығы автоматтандырылды. Егер қызмет орны туралы деректер жүйеде расталса, анықтама автоматты түрде  өтінімнің мәртебелік бетінде пайда болады. Оны жүктеп алып, мақсатына қарай пайдалануға болады.

Қызмет тегін көрсетіледі және тек қана ҚР ІІМ Ұлттық ұланының қазіргі қызметкерлері үшін қолжетімді. Егер өтініш беруші ҚР ҰҰ қатарында болмаса, жүйе себебін түсіндіріп, анықтама бермейді.

Анықтаманың қолданылу мерзімі - 10 күнтізбелік күн. Жаңа цифрлық сервис уақытты едәуір үнемдейді және әскери қызметшілердің мемлекеттік құрылымдармен ыңғайлы өзара іс-қимылы үшін қосымша мүмкіндіктер аша отырып, құжат айналымын жеңілдетеді.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -