ҚР Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың төрағалығымен Қазақстан делегациясы 9-шы Халықаралық ОПЕК семинарына қатысты. Австрия астанасында өткен маңызды шарада ОПЕК және ОПЕК+ елдерінің 22 энергетика министрі, сондай-ақ Aramco, Shell, TotalEnergies, BP және Kuwait Petroleum Corporation және т.б. әлемнің жетекші компанияларының басшылары бас қосты, передает DKnews.kz.
Қазақстан делегациясы сессиялар мен басқосуларда энергетикалық қауіпсіздік, экономикалық өсім, инвестиция тарту және дамушы елдердің басымдықтарын талқылады. Сондай-ақ әлемдік энергетикалық нарықтың қысқа және ұзақмерзімді келешегі туралы пікір алмасты.
Семинардың басты мақсаты өндіруші және тұтынушы елдер мен инвесторлар арасында диалог орнатып, ынтымақтастықты нығайту. Ал қазақстандық тарап ОПЕК басшылығымен және Келісімге қатысушы серіктестермен жасалған уағдаластықтар мен міндеттемелерді орындау бойынша сенімділікті арттыруды көздейді.
ҚР Энергетика министрлігі негізгі кездесулер мен келіссөздер нәтижесін қосымша ресми сайтта жариялайтын болады.