Әскери ант — ерлікке бастар қадам

1947
Фотосурет: ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Отан алдындағы борышын өтеуге кіріскен жас сарбаздар үшін аса маңызды әрі тарихи сәт — әскери ант қабылдау рәсімі жақындап қалды, деп хабарлайды DKnews.kz.

Осыдан он күн бұрын Ұлттық ұланның Орал қаласындағы 5517 әскери бөліміне қабылданған жас жауынгерлер 26 шілде күні өтетін салтанатты шараға қызу дайындалып жатыр. Сарбаздар бұл рәсімге ерекше ықыласпен әрі жоғары жауапкершілікпен дайындалуда. Солардың бірі — Ақтөбе қаласынан шақырылған қатардағы жауынгер Сапарбай Нұрқасым.

Ол бұл маңызды күнге ата-анасы мен бауырлары арнайы келетінін айтып, өз ойымен бөлісті:

Біз үшін бұл тек салтанатты рәсім емес, болашақ жауынгерлік жолымыздың бастамасы. Ант қабылдау кезінде саптық дайындығымызды жоғары деңгейде көрсетіп, Отан қорғаушылардың лайықты ұрпағы екенімізді дәлелдеуіміз керек

Биыл 5517 әскери бөлімінде 200-ден астам сарбаз әскери ант қабылдайды деп жоспарлануда. Бұл — әскери қызметтің ресми басталуы ғана емес, әрбір жас жауынгер үшін адалдық пен ерліктің символына айналатын тағылымды күн болмақ.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -