Қытай брендтерінің автозаводы Алматыда ашылады

2805
Фотосурет: @almaty_akimat

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Қазақстан Республикасындағы Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинмен кездесті, деп хабарлайды DKnews.kz.

Тараптар сауда, өнеркәсіп және инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.

Қытай — Алматының негізгі сауда серіктесі. Қала сыртқы сауда айналымының 32,9 пайызы осы елге тиесілі. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында өзара тауар айналымы 3,4 млрд АҚШ долларынан асты. Мегаполисте қытай капиталының қатысуымен 3 000-нан астам кәсіпорын жұмыс істейді.

Кездесу барысында өнеркәсіптік кооперацияға айрықша мән берілді. Индустриялық аймақта Changan, Chery және Haval брендтерінің автозауытын іске қосу жоспарланып отыр. 2028 жылға қарай жылына 220 мың автокөлік шығару көзделген.

Сондай-ақ көлік қатынасының қолжетімділігі мәселелері талқыланды. Бүгінде Алматы қаласы Пекин, Шанхай, Гуанчжоу және Қытайдың басқа да ірі қалаларымен тікелей әуе рейстері арқылы байланысқан.

Қытай Халық Республикасының елшісі ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін растады және әріптестіктің жоғары әлеуетін атап өтті.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -