Саран қаласында жастардың қатысуымен «Таза Ел – Таза Болашақ» экологиялық акциясы өтті

1485
Фотосурет: Gov

Саранда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтарының қатысуымен «Таза Ел – Таза Болашақ» жастар экологиялық акциясы өтті.

Қаланың 70 тұрғыны бөгет ауданындағы су қоймасының аумағын қоқыстан тазартты. Акция Балықшылар және балық шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылды.

– Бүгін біз су қоймасының жағалауын қоқыстан тазалап жатырмыз. Мен үшін бұл жай сенбілік емес, туған қалама қамқорлық көрсету. Саран – біздің ортақ үйіміз. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті тәрбиелейді, – дейді Саран қаласының жас тұрғыны Аяжан Орынбек.

Саранда «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық науқанына әр түрлі меншік нысанындағы 75 кәсіпорындар мен ұйымдары, соның ішінде оқушылар, студенттер, сондай-ақ қамқор тұрғындар – барлығы 5 мыңнан астам адам қатысты.

Саябақтар мен гүлбақтар қоқыстан тазартылды, тарих және мәдениет ескерткіштерінің аумақтары тазартылды.

Көгалдандыру жұмыстары жүргізілді – 5 мыңнан астам түрлі көшеттер егілді.

Экоакциялар одан әрі жалғасады. Оларды өткізу географиясы да кеңейтілетін болады. Қарағанды облысының әрбір бұрышы қамтылуы тиіс. Міндет – қалалар мен ауылдарды таза және өмір сүруге жайлы ету.

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -