Елордада 13 шілде күні ауқымды музыкалық фестиваль – ALEM FEST 2025 өтеді, деп хабарлайды DKnews.kz.
Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары өз автокөліктерін іс-шара өтетін орынға жақын маңдағы тұрақ алаңдарына қоя алады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Фотосурет: @astana_newss
Көлікті келесі орындарда қоюға болады:
«Астана Арена» стадионы аумағында, «Алау» мұз сарайының маңында, «Барыс Арена» мұз айдыны сарайында, «Сарыарқа» велотрегінде, Ботаникалық бақ жанында — Бұқар жырау және Орынбор көшелері жақтан, Керей-Жәнібек хандар көшесінің бойында және басқа да рұқсат етілген тұрақ орындарында.
Фестиваль қонақтары үшін әлемдік және қазақстандық жұлдыздардың өнер көрсетеді. Шақырылған әртістер қатарында Craig David, Sadraddin, Ёлка, Alem, IOWA, Банд’Эрос, Доминик Джокер, DJ Groove бар.
ALEM FEST – Қазақстандағы оқиғалы туризмді дамытуға үлес қосатын ірі мәдени жоба.
Фестиваль көрермендері жеке автокөліктің орнына қоғамдық көлікпен келгені жөн.