Танымал IOWA тобы 13 шілде күні Älem Fest фестивалі аясында Astana Arena сахнасында өнер көрсетіп, жанкүйерлерін қуантты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Топ мүшелері соңғы жылдары Астананың қалай өзгергеніне таңданып, бас қала туралы әсерімен бөлісті, деп хабарлайды DKnews.kz.
«Сіздердің қалаларыңыз өте әдемі. Қонақүйге келгенде ұзақ уақыт ұйықтай алмай, терезеден қарап тұрдым. Мынау қандай колизей? Мынау қандай опера? Ғимараттары қандай көркем?! Біз соңғы рет бұл қалаға 7-8 жыл бұрын келіппіз, содан бері көптеген өзгеріс болыпты. Қала тап-таза, сұлу әрі жарқырап тұр. Мұнда қыруар жұмыс атқарылып жатыр. Маңыздысы – сіздер бұл орынды өз қалаларыңызға айналдырып жатырсыздар. Мен мұнда үлкен сүйіспеншілікті сезіп тұрмын» Деді сахнада топ мүшесі Екатерина Иванчикова
IOWA тобының өнері көрермендерге ерекше көңіл күй сыйлады.
Концерт соңында әншілер астаналықтарға ыстық ықыласы үшін алғыс айтып, алдағы уақытта тағы да оралуға уәде берді.