Семейде сарбаздардың анасы Ұлттық ұлан бригадасында болды

1188
Фотосурет: Ұлттық ұлан

«Аналардың жүректері» сарбаздар аналары республикалық қоғамдық ұйымының өкілі Ұлттық ұланның Семей қаласындағы 5511 бригадасында болды, деп хабарлайды DKnews.kz.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімге барған қоғамдық ұйым өкілі жұмыс барысында Ұлттық ұлан сапына қосылған сарбаздарға сұрақтар қойып, пікір алмасты. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жатқандар болса, сарбаздар анасының әр сауалына тайынбай, барынша толыққанды жауап беруге тырысты.

Сарбаздар Айнұр Тәтероваға оларға жасалған жағдайдың қолайлылығын айтып, тамақтану мен медициналық қызмет түрлеріне көңілдері толатындығын жеткізді. 

"Мен бүгін Семейдегі Ұлттық ұланның  сарбаздарымен жүздестім. Мерзімді әскери қызметшілердің тұрмыс-тіршілігімен таныстым.  Тексеріс барысында  әрбір әскери құрылым жұмысына  көңілім толды. Жалпы, бүгінге күнге дейін «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында Отан алдындағы борышын өтеп жатқан сарбаздардың ата-аналарынан бізге өтініш түскен емес. Керісінше, сарбаздардың жақындары әскери бөлім қызметкерлеріне өз алғыстарын жаудыруда" «Аналардың жүректері» сарбаздар аналары республикалық қоғамдық ұйымының өкілі Айнұр Тәтерова

«DKnews.kz» халықаралық ақпараттық агенттігі Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. Есепке қою туралы куәлік № 10484-АА 2010 жылдың 20 қаңтарында берілді.

Тақырып
Жаңарту
МИА «DKnews.kz» © 2006 -